Облыс тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және бизнеске қолдау көрсету – мемлекттік қызметтің басты мақсаты

1 094

«Жамбыл – адалдық алаңы» аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаевтың бастаған жұмыс тобы Жуалы ауданына іссапарымен болды.

Іс-сапар барысында халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарының, аудандық орталық ауруханасының және Б.Момышұлы ауылының әкімі аппаратының аудан тұрғындарына қызмет көрсету жұмыстарымен танысты.

Іс-сапардың қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында мекеме басшылары және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында баяндама жасаған Департаменттің басқарма басшысы Д.Омаров ауданының 2018 жылғы көрсеткіштерімен кадрлық жай-күйі және мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілуі оң бағытта жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев, аудандағы мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыс уақыты аяқталғаннан соң қарамағындағы қызметкерлерді заңнамамен көзделмеген үстеме жұмыстарға тартпауға, бұл бойынша аудандық әдеп жөніндегі уәкіл жұмысын жандандыруға, сондай-ақ, халықпен жақын болуға, өз қызметтерін трансформациялауға ұсыныс берді.

Жиын қорытындысымен «Бурненская молочная компания» ЖШС-нің директоры Р.Хамзабекпен  «Protecting Business and Investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында келісімге қол қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.