Білім беру саласында жемқорлыққа жол жоқ

553

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберiнде «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры «Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы құралдар: іске асыру және ұлттық заңнаманың ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізілді.

Конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы дайындаған бейнероликтері көрсетіліп, білім беру саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға бағытталғанпрофилактикалық шаралар туралы ақпарат беріліп өтті. Конференция барысында Азаматтық бақылау жобасының жетекшісі А.Олжабаев білім беру мекемелерінде құпия сатыпалушы әдісімен білім беру мекемелерінде атқарылған мониторинг жұмыстары туралы және алдағы уақытта жасалынатын жұмыстар бойынша ақпаратн беріп өтті. Білім қызметкерлері кәсіподағына қарасты «Еңбекші» республикалық газетінің бас-редакторы Б.Бекназаров қазіргі таңдағы білім қызметкері арасындағы еңбек дауларына оның негізгі себептерінің бірі болатын сыбайлас жемқорлық туралы, оны жоюға мақсатында кәсіподақ тарапынан атқарып отырған жұмыстар туралы айтып өтті. Бірқатар мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өздерінің мектептерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып отырған жұмыстар бойынмен, тәжірибесімен, методикаларымен бөлісіп өтті.

Іс-шараға жалпы орта білім беретін мектеп дректорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кәсіподақ өкілдері, білім бөлімінің мамандары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.