2019 жылдан бастап ҰБТ төрт рет өткізіледі

489

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Тамыз конференциясының шеңберінде ҰБТ мәселесі кеңінен талқыланған болатын. Ең басты мәселе, биыл ҰБТ-ның жалпы форматында сұрақтарға, сұрақтың көлеміне, пәндеріне қарағанда форматы өзгермейді. ҰБТ форматын жеңілдету, балаларға жағдай жасау бойынша тиісті ұсыныстарымыз бар. 2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады. Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады», — деді Білім және ғылым вице-министрі.

Оның айтуынша, қаңтар айында ҰБТ тапсырып, тиісті шекті ұпайды жинағандар құжаттарын алып ЖОО-ға шартты түрде қабылдана алады.

«Қаңтар айында 130 ұпай алып, маусымда 51 ұпай алса, ол қаңтар айында алған жоғары ұпайымен конкурсқа қатыса алмайды. Тек маусым айындағы сертификат есепке алынады», — деді вице-министр.

baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.