«Тараз-Аренада» бір күнде 2500 спортшы жаттыға алады

449

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Тараз-Арена» спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында Нұрлан Байұзақұлы «Тараз-Арена» спорт сарайының 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Спорт кешенінде әмбебап зал, кіші спорт зал, ауыр атлетика залы, тренажер залы, бокс залы, грек-рим және еркін күрес залы, үстел теннисі залы, таеквондо залы, дзюдо залы, спорттық би залы, тир, жүзу бассейні жұмыс істейді.

Онда бес ауысымда сыртқы алаңдарды қосқанда 15 спорт түрімен 2500-ға тарта спортшы бір күнде спортпен шұғылдана алады.

– 10 айдың қорытындысы бойынша 29 жасқа дейінгі 3207 адам, 30 жастан жоғары 4779 адам спорт сарайының (бассейн, тренажер залы) ақылы қызметтерін пайдаланып, жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданған.

Сондай-ақ, Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі, көпбалалы отбасынан шыққан мектеп жасындағы 712 оқушы бала бүгін күнге бассейнді тегін пайдаланса, Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау»  туралы Заңына сай І, ІІ топтағы және бала кезден мүгедек 106 адам бассейнді, 27 адам тренажер залын тегін пайдалануда.

Мектеп оқушылары, орта және жоғарғы оқу орнының студенттері, барлық санаттағы зейнеткерлер спорт сарайы спорттық жайларының баға құнын 50 пайыздық жеңілдіктер арқылы пайдаланады, – деді Н. Саурықов.

Жалпы, үстіміздегі жылдың 9 айында спорт сарайында халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  деңгейде 83 бұқаралық-спорттық шаралар мен 8 оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

– Бүгінгі таңда спорт сарайында спортшылардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалған. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы пандустар орнатылған, зағип жандарға татильді жолдар, сипап сезу тақтайшалары жасалған, әжетханалар мен жуыну бөлмелері қайта жабдықталған. Жоғарғы қабаттарға көтерілу үшін лифт жұмыс жасайды.

Осындай қолайлы жағдайлардың нәтижесінде «Тараз-Арена» спорт сарайында жаттығатын облыс спортшылары жоғарғы жетістіктерге жетіп жүр. Риода өткен Параолимдиада ойындарының  жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Зульфия Габидуллинаның жеңісі спорт сарайының спортшыларға жасап отырған бүгінгі таңдағы мүмкіндігіне толықтай дәлел бола алады, – деді мекеме директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.