Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

48

Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.

Жеңіс Қасымбек «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында аясында Президентке осылай деп есеп берді. Одан бөлек, шаһар әкімі Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.  Ал Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады. Оның аясында 3,8 млн тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/792989-kasym-zhomart-tokaev-taza-kazakstan-respublikalyk-ekologiyalyk-aktsiyasyna-katysty

Leave A Reply

Your email address will not be published.