Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы және Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жәнелі Мади арнайы шомылу орындарына барып, судағы қауіпсіздік шараларының сақталу барысын зерделеді.
Іс-шара барысында демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі айтылды. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмау, рұқсат етілмеген орындарда шомылмау және судағы тәртіп қағидаларын қатаң сақтау жөнінде ескертулер берілді.
Мамандар тарапынан жадынамалар таратылып, тұрғындарға төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚠️ Құрметті аудан тұрғындары!
Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, тек арнайы белгіленген орындарда шомылыңыздар. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.