САРЫСУ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

106

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында  Сарысу ауданында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды заң аясында тиімді шешу үшін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың кезекті жеке қабылдауы өтті.

Ашық диалог форматында ұйымдастырылған қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік, инфрақұрылымдық, кәсіпкерлік және құқықтық мәселелерді тікелей аудан басшысына жеткізді. Бұл жолғы қабылдауға келгендер әрқайсысы өзінің жеке мәселесін ортаға салды, ал олардың көтерген мәселелерін жан-жақты талқылау үшін аудан әкімімен бірге жауапты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Аудан басшысы Сәкен Мамытов тұрғындардың мұң-мұқтажын өз аузынан тыңдау – мемлекеттік қызметтің басты қағидаларының бірі екенін, халықпен тұрақты кері байланыс орнату ашықтықтың, сенімнің және тиімді жұмыстың негізі болып табылатынын атап өтті.

Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелердің орындалу барысы аудан әкімінің тікелей бақылауында болады. Сарысу ауданында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, халықтың талап-тілегіне жедел ден қою және өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу бағытындағы жұмыстар өз жалғасын таба береді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.