Алкоголь мен есірткіге тәуелділіктің зияны және емделудің маңыздылығы

48

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 РМ мекемесінде сотталғандардың құқықтарын сақтай отырып, олардың психикалық денсаулығын нығайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің нұсқаулығына сәйкес іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара мекеме бастығының режим және жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Е.Е.Төребектің жетекшілігімен, мекеменің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет капитаны Ж. Әбдіқапаровтың, мекеме психологтары мен медицина бөлімінің қызметкерлерінің бірлесуімен өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың дәрігер психиатр-нарколог Ж.С.Ускенбайқызын ұсыныс хатымен шақырта отырып, мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға, оның ішінде ҚР ҚК-нің 91 бабына сәйкес, диспансерлік есепте тұрған және соттың мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалған адамдарға медициналық-психологиялық көмек көрсету, түсіндіру және » Алкоголь мен есірткіге тәуелділіктің зияны және емделудің маңыздылығы» бойынша профилактикалық шаралары жүргізілді.

Кездесу барысында психикалық денсаулықты сақтау, уақтылы медициналық көмекке жүгіну, емдеу шараларын үзбей қабылдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың психикалық денсаулығын нығайту, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, суицидтің және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ҚАЖ органдары мен денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды, мекеменің психолог мамандарымен бірлесе жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

Маржан Сейдуллаева,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты
№25 мекеменің аға инспектор-психологы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.