Ұлтымыздың орындалған ұлы арманы Еуразияның жүрегі, арайлы Астанамыз болашаққа қанат қағып келеді. Зәулім үйлер көк аспанмен таласып, биік ғимараттар бой көтеруде. Айбынымен айшықталған еңселі Елорда күні еліміз бойынша мемлекеттік мереке болып аталып өтеді. Бас қалаға басты назарды бұрылып, аталмыш мереке еліміздің түкпір — түкпірінде аталып өтіп жатыр.

Әнмен әуелеп, күймен көмкерілген шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. «Айжан қыз» халықтық бишілер ұжымы мың бұрала билегенде кештің сәні кіріп, мерекелік сәт жандана түстІ.