Ұлттық домбыра күніне мерекелік концерт өтті

44

Ұлттық домбыра күніне орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қасиетті, киелі қазақтың домбырасы» атты мерекелік концерт өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылығы саналатын қасиетті домбыраны ұлықтау, ұлттық өнерді насихаттау, қарттардың рухани дүниесін байытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына ұлттық мәдениетке деген құрметті қалыптастыру.

Концерт барысында күмбірлеген күй мен әсем әндер орындалып, домбыраның халқымыздың тарихы мен мәдениетіндегі ерекше орны кеңінен насихатталды. Көрермендер қазақтың халық күйлерін сүйсіне тыңдап, өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.

Мерекелік шараға қатысқан орталықтың ардақты қариялары ұлттық өнерге деген ыстық ықыластарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ақсақалдардың ақ тілегі мен батасы іс-шараның тәрбиелік мәнін арттырып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.