Ұлттық рухты нығайту

30

Астана күніне орай Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Астана – Тәуелсіздіктің тұғыры» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шара барысында елордамыздың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны, ел дамуы мен мемлекетіміздің қалыптасуындағы маңызы кеңінен насихатталды. Кеште Астана туралы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалып, қатысушыларға рухани әсер сыйлаған әдеби-сазды бағдарлама ұсынылды. Астана – тәуелсіз еліміздің басты нышаны, бірлік пен берекенің, жаңғыру мен жасампаздықтың айқын көрінісі. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттыру, елорданың тарихи мәнін дәріптеу және ұлттық рухты нығайту. Әдеби кешке қатысушылар Астана күніне арналған танымдық ақпараттармен танысып, мерекелік шарадан ерекше әсер алды. Астана – арман қала, елдің үміті!

Leave A Reply

Your email address will not be published.