2026 жылғы 19 маусым күні мекеме аумағында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және қоршаған ортаны көркейту мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке мекеменің жеке құрамы белсенді қатысып, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол жиектерін ретке келтіру, жасыл аймақтарды күтіп-баптау, ағаштар мен гүлзарлардың айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қызметтік және әкімшілік ғимараттардың айналасы ретке келтіріліп, мекеме аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Аталған іс-шара қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қызметкерлердің еңбек мәдениетін арттыру, ұжымдық жауапкершілік пен ұйымшылдықты нығайту мақсатында өткізілді. Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарда сапалы жұмыс атқарып, мекеме аумағын көркейтуге және тазалығын қамтамасыз етуге үлес қосты.