Ақорда
Бүгін Ақордада медицина қызметкерлерінің күніне орай өткен салтанатты іс-шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жетекші медициналық оқу орындарын одан әрі нығайту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Медициналық білім беру жүйесін дәйекті түрде жаңғыртудың ел болашағы мен ұлт саулығын сақтаудағы стратегиялық мәні зор. Салалық жоғары оқу орындары бұрынғыдай дәстүрлі білім беру мекемесі емес, іргелі ғылым мен жоғары технологиялар орталығы ретінде жаңғыра бастағаны қуантады. Білім беру үдерісі жетілдіріліп, клиникалық оқыту тәсілдері кеңеюде. Интернатура кәсіби даярлықтың толық кезеңіне айналады. Енді оны тәмамдаған түлектер базалық білімді меңгерген дәрігер ретінде жұмысқа кіріседі. Жаңа буын мамандарын әзірлейтін ұстаханаға айналған еліміздің жетекші медициналық оқу орындарын одан әрі нығайтуға қолдау көрсету маңызды деп санаймын», — деді Президент.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283207-qazaqstan-ozyq-texnologiialardy-medicinaga-belsendi-turde-engizip-zatyr-memleket-bassysy