ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАН ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА БЕРІЛДІ

52
Ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мемлекеттік қызметкерлер, мекеме ұжымдары, түрлі бөлім мамандары мен еріктілер апта сайын тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Көшелер тазаланып, арық-атыздар ашылып, демалыс орындары мен табиғи аумақтар қоқыстан арылуда. Бұл — туған жерге деген жанашырлықтың, елге деген құрметтің айқын көрінісі.
Алайда, осынша еңбекті елемей, тазаланған жерді қайта ластап кететіндер де арамызда бар. Ең өкініштісі сол — мұндай әрекетті кейде кейінгі буынға үлгі болуы тиіс үлкен кісілердің жасап жатқаны көңіліңді еріксіз құлазытады.
Мәселен, жуырда ғана тазартылған Шөңгер тауларына баратын жол аумағын қайта ластаған ақсақалдың мына әрекеті жағамызды ұстатты.
Аталған дерек бойынша құзырлы органдар тарапынан тиісті шаралар дер кезінде қабылданып, тұрғынға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дегенмен, мәселе жазада емес, ар мен ұяттың — аздығында.
Құрметті аудан тұрғандары!
Тазалық — бір күндік сенбілікпен өлшенбейтіні анық. Ол әр адамның санасынан, күнделікті мәдениетінен басталады.
Туған жерді таза ұстау — баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ұмытпайық. Табиғатты аялайық, тазалықты сақтайық, өзгелерге үлгі болайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.