Таластық жастардың жарқын ісі көпке үлгі

93
Қаратау қаласындағы киелі «Тамды әулие» бұлағы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, аудан жастары бұлақ маңын қоқыстан тазартып, көріктендіру жұмыстарын жүргізді.
«Жастар ресурстық орталығының» қыз­меткерлері бұлақ маңын қоқыстан та­зартып, аумақты ретке келтіріп, табиғи ортаның көркін сақтауға үлес қосты. Сонымен қатар, ағаштарды ақтау, қураған шөптер мен қоқыстарды жинау сынды жұмыс­тар жүргізілді. Жас­тардың табиғатқа жанашыр­лы­ғын арттыру, киелі орындарды таза ұстау арқылы қо­ғамдық жауапкершілік пен мәдениет­ті арттыру бағытындағы мұндай игі шаралар аудан аумағында үздіксіз ұйым­дастырылып, ниет білдіруші жас­­тар­дың қатары күн санап көбейіп жатқандығы көңіл қуантады.
«Жасыл ел» жасақтары да елдік іске етене араласып, Қаратау қаласы мен аудан аумағында тазалық пен тәртіпті нығайтуға өз үлесін қо­суда. Жасақ жастары сенбілік­тер ұйымдастырып, қоғамдық орындарды, саябақтар мен өзен-көл жағалауларын қоқыстан та­зартып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды жұмыстар атқаруда.
Сонымен қатар, жасақ мүшелері тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атса­лысып, табиғатты аялау, қоқысты сұрыптау және қоршаған ортаны ластамау жөнінде түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуде. Аудан жастары мен «Жасыл ел» жасақтарының бұл игі ісі – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға және «Таза Қазақс­тан» идеясын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» — елімізде қор­шаған ортаның тазалығын сақ­тауға, экологиялық мәдениетті қалып­тас­тыруға бағытталған кең ау­қымды экологиялық акция десек, бұл бас­та­ма қоғамды табиғатты қор­ғауға, ау­ла, көше, өзен-көлдер мен киелі орын­дарды таза ұстауға жұмыл­дырады. Жалпыұлттық игілікті іс­те аудан жастары да белсенділік танытып келеді. Олар бірлікпен ең­бек етіп, табиғатты таза ұстаудың маңызын өз істерімен көрсетуде.
Әсем Әбдуалиева,
«Жастар ресурстық орталығының» аға инспекторы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.