ЕЛ БОЛАШАҒЫ — ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

81
Елдің жүгін арқалайтын ертеңгі болашақ жастардың бойында қайрат, рух пен жігер барда болашағымыз қашан да жарқын болмақ. Білім мен парасаттылық, ынта мен қайсарлықты басты қағида етіп ұстанған білімді жастардың қолындағы алтын шырақтың сөнбейтіні анық.
🔰Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Б.Қашқынбаев атындағы орта мектептің 10-11 сынып оқушыларынан құралған «Жас мемлекеттік қызметшілер клубының» мүшелерін қабылдады. Кездесу барысында аудан басшысы мемлекеттік қызметтің салмағы, зор жауапкершілік пен абыройлы міндетті атқаруда қажырлы еңбектің қажет екенін айтты.
Сонымен қатар, халықтың аманатын арқалауда үлкен табандылықтың қажеттігін тілге тиек етті. Жігерлендіруге толы кездесу соңында оқушылар аудан әкімінің орындығына отырып, естелік суретке түсті.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.