Әзербайжанда түркі әлемінің мәдени мұрасына арналған халықаралық форум өтті

75
⚡️ 2026 жылдың 18 мамыр күні Әзербайжан Республикасының Баку қаласында Дүниежүзілік қалалық форумның (WUF13) 13-сессиясы аясында «From Heritage to Resilience: Turkic Houses» («Мұрадан тұрақтылыққа: Түркі үйлері») атты халықаралық панельдік сессия өтті.
✅ Іс-шараны Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырды.
Панельдік сессияның ашылуында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөз сөйлеп, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын сақтау мен оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
📌 Панельдік сессия барысында түркі халықтарының дәстүрлі тұрғын үйлерін сақтау, тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру тәжірибелері, тарихи қалалардағы тұрақты даму және мәдени мұраны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
🔺 Панельдік отырысқа Түркия, Әзербайжан және Қазақстан елдерінің мәдени мұра саласындағы жетекші мамандары мен сарапшылары қатысты.
📍 Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры, археолог Сауран Қалиұлы қатысып, «Ерте ортағасырлық түркі кезеңіндегі тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
📝 Баяндамада өңірдегі ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, реставрациялау және қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.