Әлеуметтік көмектің жаңа форматын жетілдіру ұсыныстары пысықталуда

582

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықталып жатқанын мәлім етті.

«Биыл жазда біз арнайы әлеуметтік зерттеу жүргіздік, оның мақсаты атаулы әлеуметтік көмек алушылардың осы көмектің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірін білу болды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі жетілдіру жұмысы ең алдымен оның мөлшерін арттыруға бағытталуға тиіс. Респонденттердің 84 пайызы осылай есептейді. Осыған байланысты 2018 жылы іске асырылғанды ескере отырып,  Министрлік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға көшті», — деп тоқталды министр.

Осы орайда ол министрлік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтардың жан басына шаққандағы табысын есептеу тәртібін жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.

«Агроөнеркәсіп ғылыми-зерттеу институтымен бірге біз жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс нормативтерін қайта қарау бойынша зерттеу жүргіздік. Аталған зерттеудің нәтижелері  қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекіту үшін жіберілді. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сараланған тәсіл негізінде мұқтаждықты айқындау бойынша кедейлік шегі қайта қаралатын болады. Бұдан басқа, мұқтаж адамдарды қолдау бойынша жеке және кешенді принципті күшейту үшін әлеуметтік қызметтер мен көмек ұсынудың интеграцияланған моделін құру жұмысы жалғасып келеді. Жоғарыда көрсетілген жаңа тәсілдерді іске асыру мұқтаж отбасыларды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ кедейліктен өз бетінше мүмкіндік береді», — деді Мәдина Әбілқасымова.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.