Жастар жұмыссыздығын жою жайлары қаралды

604

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Жамбыл облысының ауыл жастары одағы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ұйымдастырылмаған жастар арасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

«Дөңгелек үстелге» оқуға түсе алмаған және орта арнаулы оқу орнын аяқтап жұмыс орнын таба алмаған жастар тартылды. Жиынға өз ісін бастауды, өзін өзі жұмыспен қамту мүмкіндігін үйрету мақсатында «Тараз-Жібек жолы» бизнес ассоцияциясының менеджері Бек Жолдыбай, сонымен қоса, мүмкіндіктер жайында, қоғам белсендісі болуды үйрету мақсатында Жамбыл облысының намысын республикалық пікірсайыс ойындарында қорғап жүрген, пікірсайыс ойындарының чемпионы, филолог, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің тәрбие бөлімінің маманы Ерғали Әбуғали шақырылды.

Басқосуда таныстық және командалық ойындар ұйымдастырылып, достық көңіл күй қалыптастырумен басталды. «Дөңгелек үстел» барысында спикерлердің шеберлілігінің арқасында дөңгелек үстел қатысуышылары нақты әрі тұщымды ақпарат түйді. Мұнымен тоқтап қалмас үшін шара соңынды спикерлермен қатысушылар арасында бейресми шара жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.