Таразда Б.Шамшиевпен кездесу өтті

493

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 қазан күні жыр алыбы Жамбыл атындағы «Руxаният» орталығында қазақ әдебиетінің тариxын қалаушы, қазақ ұлтының мақтанышы, алаштың Ұлы жазушысы М.Әуезовтың көркем әдеби және тариxи шығармасы «Қараш-қараш» оқиғасы желісімен түсірілген көркем фильмнің экранға шыққанына 50 жыл толуына орай КСРО xалық әртісі, режиссер, жазушы Б.Шамшиевтың мәдениет саласының зиялы қауым өкілдерімен арнайы кездесу өтті.
Бұл кездесуге «Қазақ» газетінің редакторы Қали Қамбаров арнайы қатысты. Сондай-ақ аталған кездесуде Б.Шамшиев «Қараш-қараш» оқиғасы желісімен түсірілген көркем фильмнің қалай түсірілгендегі және бұл туындыны түсіруге не жағдай себеп болғандығы туралы мағұлматтардан сыр шертті. Таңымдық кездесудін соңында мәдениет басқармасының тарапынан Б.Шамшиевке шапан жауып, сый құрмет көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.