Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сайыс өтті

650

Орталық алаңда Тараз қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалалық спартакиада өтті. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спартакиада спорттың баскетбол, нысана көздеу, дойбы, шахмат, стол теннисі және тағы басқа түрлері бойынша өтті. Оған 200-ден астам спортшы қатысты. Спорттық іс-шараның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару дейді ұйымдастырушылар. Тартысқа толы өткен спорттық жиында барлық қатысушылар сый-сияпатпен марапатталды.

Оксана БОРИСЮК – Тараз қалалық спорт бөлімінің басышысы

/ Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан спартакиадаға қызығушылық танытаныдар өте көп. Оны шараға қатысушылар санының уақыт өте өсуінен байқауға болады. Мәселен бүгін 200 ден астам адам өзара сайысқа түсуде. Бұл әрине қуантады. Білесіздер біздің спортшылармыз әлемдік ареналарда топ жарып жүр. Барлығы да осындай кіші жарыстардан басталады. Бұған қоса  дәлі осы күні барлық азаматтар бас қосып, өзара әңгімелесіп бір серігіп қалады./

taraztv.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.