Ауғанстан әйелдері Қазақстан мен Өзбекстанда білім алатын болды

515

Еуроодақ Ауғанстан әйелдеріне арналған кезекті ағартушылық бағдарлама енгізетін болды. Енді бұл елдің нәзікжандылары Қазақстан пен Өзбекстанның оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы еуропалық дипломатияның жетекшісі Федерика Могерини мәлімеді. Ол Астанада өткен ауған әйелдерінің құқықтарын кеңейту жөніндегі халықаралық конференция қатысушыларына бейнеүндеуін жолдаған болатын. «Бүгінде Ауғанстанда 3 миллиондай қыз мектепте оқып жүр, ал студенттерінің бестен бір бөлігі – нәзікжандылар. Алайда Ауғанстан әйелдеріне әлі күнге дейін тіршілігінің бүкіл салаларында қысым жасалып жүр. Сол себептен оларға қолдауымызды жалғастырумыз қажет», – дейді Федерика Могерини.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.