Таразда рұқсатсыз ілінген жарнамалар алынуда

820

Тараз қаласында бейберекет, рұқсатсыз жарнамаларды ретке келтіру және Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және «Тіл туралы» Заңдарының сақталуын қадағалау мақсатында қала аумағында арнайы комиссия құрылып, рейд ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың 19 маусым–20 тамыз аралығында қала көшелеріндегі бейберекет, рұқсатсыз орналасқан 701 жарнама құралы алынып, 531 ескерту хаты берілді және 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Бұл жұмыс күнделікті жалғастырылып, қала әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.