ТОП-5: Қазақстандықтар қандай автокөліктерді көп сатып алады

635

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы осы жылдың мамыр мен маусым айларындағы көрсеткіштерді салыстыра отырып, Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы 5 пайызға өскенін жария етті.

«Сатылымы ең жоғарғы жеңіл автокөліктердің маркалары бойынша екінші ай қатарынан Toyota (1437 автокөлік) көш бастап тұр. Алты айдың ішінде аталған марканың 5599 көлігі сатылған. Екінші орында — Lada. Бір айдың ішінде қазақстандықтар 1184 Lada маркалы көлікті сатып алған. Десе де, алты айдың қорытындысы бойынша Lada бәрібір бірінші орында — жыл басынан бері аталған маркадағы 5 879 көлік сатылған. Үшінші орын Қостанайда шығарылатын Hyundai маркасына (760 көлік сатылған) тиесілі. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларының ішінде қазақстандықтар Hyundai маркалы 3 398 көлікті мінген. Алты айдың ішінде 1709 көлігі сатылған Ravon мен бір айда 242 көлігі сатылған (алты айдың ішінде 1269 көлік сатылған) Kia төртінші орында. Бестікті бір айда 227, алты айда 919 көлігі сатылған Nissan түйіндейді», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, зор сұранысқа ие көлік маркаларының тізімінде Renault (бір айда 183, алты айда 712), JAC (бір айда 147, алты айда 673), Lexus (бір айда 129, алты айда 593), Volkswagen (бір айда 104, алты айда 599, UAZ (бір айда 101, алты айда 579) тұр. Модельдерді таңдау көшінде бұрынғыша барлығының алдында Toyota Camry ешкімге есесін беретін емес.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.