Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау — басты назарда

209

Бүгінгі таңда елімізде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың сондай-ақ, балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастырумен дамыту қолға алынған. Жалпы, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге бас бостандығынан шектеу және бас бостандығынан айыру жаза түрлері қолданылады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті Тараз қалалық №3 пробация қызмет есебінде кәмелет жасқа толмаған 1 сотталған бар. Оған пробация қызметкерлері бақылау жасап, келешекте мінез-құлқы дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуде. Жас жеткіншек есепке алынған уақыттан бастап ҚР Қылмыстық-атқару Кодексінің баптарына сәйкес, оған жеке әзірленген бағдарламаға бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек беріліп, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдар өз қолдауларын көрсетуде.

Айта кетейік, жасөспірім ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуымен ғана оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы құрылып, медициналық психологиялық көмек көрсетіледі.

Әмина МАСАТБАЙ,
Тараз қалалық №3 пробация қызметі
ювеналды әділет тобының инспекторы
әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.