Айтқазы Қарабалаев сайлау учаскесіне барып, дауыс берді

265

Бүгін Қазақстан Парламентінің мәжілісі мен мәслихатына депутаттарды сайлау басталды. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев №53 орта мектептің базасында орналасқан сайлау учаскесіне өз анасымен бірге барып, таңдау жасады.
Қала басшысы дауыс беру нысанына алғашқы болып келгендердің бірі болғандықтан, сайлау учаскесіндегі салтанатты сәтке қатыса алды: Қазақстанның мемлекеттік Гимні орындалып, елдегі саяси шараға қатысушылар патриоттық сезіммен рухтанды.
Сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық сақталған нысанда өз таңдауын жасағаннан кейін қала әкімінің анасы осы науқанға атсалысып жатқандарға арнап бата беріп, елдің тыныштығы мен дамуына тілектестік білдірді.
Жалпы, Қазақстанда барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі 53 елде Қазақстанның шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылған. Ал, Тараз қаласы бойынша бүгін 125 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Статистикалық мәліметке сәйкес, көне шаһарда 255 мыңнан астам сайлаушы бар.
Қаладағы кей сайлау учаскелерінде кәмелет жасына толып, дауыс беру құқығын алғаш рет пайдаланып отырған тараздық жас сайлаушыларға естелік сыйлар қарастырылды. Сондай-ақ, алғашқы болып дауыс берген жүз сайлаушы «Қазақстан» тәтті шоколадымен ынталандырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.