«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы барлық сайлаушыны қамтыды

11

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы алдында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы  бойынша баспасөз брифингін өткізді. Брифингте Балабек Жанбекұлы «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттармен жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары жайында мәлімет берілді.

  • 11 желтоқсан — 8 қаңтар аралығында үгіт-насихат жұмыстары кезеңінде жалпы 1346 үгіт-насихат шарасы өтуі керек болса, нақты 3609 шара өтті. Яғни жоспар 2 есеге артық орындалды. Партиялық тізімге енген кандидаттар, сенімді өкілдер мен штаб мүшелері тарапынан бүгінге дейін  2546 үгіт-насихат кездесуі өтті.

Одан бөлек «Есіктен есікке» акциясы аясында кандидаттар 194 477 тұрғын үйде болды. Бұл жалпы облыстағы тұрғын үйлердің 97,9 пайызын құрайды. Сол сияқты канвассинг форматында 636 кездесу, экспромт форматында 427 кездесу өтті.  752 шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталған үгіт-насихат шаралары барысында өңірдегі    371 елді-мекендегі 675   мыңнан астам сайлаушы қамтылды.

Облыстық және аумақтық сайлауалды штабтары жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелері қызмет атқаруда.Кандидаттар мен штаб мүшелерінің қабылдау кестелері бекітілген.

Бүгінге дейін 309 қабылдау өтіп, оған 1218 өтініш  түскен. Оның ішінде, Орталық аппараттың нұсқауына сәйкес 365 ұсыныс-тілектер аманат ретінде тізімге алынды.

Одан бөлек, облыс бойынша 60 орынға билборд ілінді. 390 043 үгіт материал  жапсырылып, таратылды. Бұл жұмыстарға облыс бойынша 701 жас белсенді жұмылдырылды.

Бекітілген медиа жоспар аясында 2738 материал жарық көрді.

Облыс бойынша партия атынан 1476 сенімді өкілі тіркелді. Олардың қатарынан әр сайлау учаскесіне 2 байқаушыдан    942 байқаушылар тізімі жасақталды. Облыстық және аумақтық филиалдар жанынан бақылаушылардың жұмыстарын үйлестіру штабтары құрылды, – деді баспасөз брифингінде сөйлеген сөзінде Балабек Жанбекұлы.

 

 

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.