«Nur Otan» шалғай аудандағы көп мәселені шешуге ден қояды

183

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Мұсаев Мойынқұм ауданының Күшаман ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлаушылардың үйлеріне барып, оларды партияның сайлауалды бағдарламасымен танысырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарының көкейінде жүрген көп мәселелердің шешімі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Аталған бағдарлама елді мекендерге баратын жолдардың сапасын жақсартуға, таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, инженерлік-инфрақұрылымдарды жетілдіруді көздейді. 2025 жылға дейін өңірде партияның пәрменімен ұзындығы 1 200 шақырымды құрайтын әртүрлі маңыздағы автомобиль жолына қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен облыс аумағындағы 119 елді мекен сапалы ауызсумен, 107 ауыл газбен қамтылады. Оның ішінде 85 ауылға жалпы ұзындығы 862 шақырым болатын ауыз су құбыры тартылады. Мұнан бөлек 36 ауылға ауыз су тазарту ұңғымасы орнатылады. Нәтижесінде 200 мыңнан астам жамбылдық көптен күткен көгілдір отын мен сапалы ауыз суға қосылуға мүмкіндік алады.
Мойынқұм ауданында елді мекендерді инженерлік-инфрақұрылымдармен қамтамасыз етумен бірге әлеуметтік маңызға ие салалардағы кадр тапшылығы да өзекті мәселенің біріне жатады. Бұл орайда партия жыл сайын 1200 жас маманды «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасымен ауылды елді мекендерге қажетті кадрлық құрамды толықтыруға аттандыратын болады.
Облыс орталығынан шалғай орналасқан әрі құмның іргесіндегі ауданда дала өрті жиі дабыл қағады. Бұл орайда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай 13 өрт сөндіру бекеті іске қосылмақ. Оның біреуі дәл осы Мойынқұм ауданында орналасады. Өз кезегінде бұл бекетте халықты игілігіне қызмет көрсетіп, тілсіз жаумен күресте өзінің тиімділігін дәлелдейді деп ойлаймын.
Шалғайдағы аудан тұрғындары үшін өзекті бірқатар мәселелердің шешімін табудың тетіктері қарастырылған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қай тұрғыдан алып қарасыңыз да қолдауға лайық. Мен баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беру шақырамы,– деді Мәден Тоқтарбайұлы.
Тұрғындар партияның пәрменімен аудан, облыс, республика көлемінде атқарылып жатқанға шаруаларға оң бағасын беріп, «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын айтты.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.