«Nur Otan» ұсыныстарды қолдауға дайын

222

Кез келген сайлау науқанының саяси-маңызды кезеңдерінің бірі – сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары болып табылады. Бүгін, 30  желтоқсанда, «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық сайлауалды штабы басшысының орынбасары Рүстем Бегалиев пен аудандық мәcлихат депутаттығына үміткерлер Рүстем Қасымов, Жандар Тоқсаба, Мөлдір Қырықбаева «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективаларын талқылады.

– Біз еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. Себебі  «Nur Otan» партиясы бұған дейін де нақты істер партиясы екендігін дәлелдеп келді. Алдағы сайлауалды бағдарламаның ауқымы тіптен үлкен. Осы орайда біз сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастықта болуды суранамыз, – деген кандидаттар 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.