«Үздіктер таңдауы»

214

«17 қараша – Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық «Үздіктер таңдауы» байқауы өз мәресіне жетті.
Әлемдегі пандемияға байланысты байқау нәтижесі онлайн дауыс беру форматында өткізілді.
«Өнерлі жас» номинациясымен республикалық жайдарман ойындарының қатысушысы, жас жайдарманшы — Спабек Еркебұлан, «Жас ғалым» номинациясымен «Үздік ғылыми мақала» байқауының жеңімпазы — Ермахан Шапағат, «Үздік спортшы» номинациясымен кадеттер арасында Қазақстан чемпионы, Түркия және Италия елдерінде өткен «Әлем кубогының» жүлдегері — Баймұратов Дімұхамед,«Үздік бейнеролик» номинациямен — Смағұлов Дәулет, «Үздік студент» номинациясымен — Мамыш Дәурен, «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі» номинациясымен — Амантай Данияр, «Жыл студенті» номинациясымен — Жұмат Бауыржан марапатталды.

Басқарма басшысы Серікбол Қайратұлы жастарға толағай табыстар мен шығармашылық жеңістер тілеп, барлық қатысушы ларға өз алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.