Жастарға кез келген уақытта қолдау бар

258

Жастардың түрлі санаттарын, атап айтар болсақ, жұмыссыз жастар, жеке кәсібін ашатын немесе дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететін жастарды барынша қамтып, оларға қатысты мәселерді жергілікті жерлерде кең ауқымды түсіндіру және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды шешу жолдарын көрсететін «Жастарға кеңес беру алаңы» жобасы сәтті жұмыс жасап келеді. Осы күнге дейін облыс жастарына уәкілетті органдардың қатысуымен кеңес берілді. Дегенмен елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жастарға арналған іс-шараның барлығы онлайн форматқа ауысқан еді. Осы тұста Жастар саясаты мәселелрі басқармасы да іс-шараларды әлеуметтік желілерде жүргізе бастады. «Жастарға кеңес беру алаңы» жобасы Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілерінде тікелей эфир форматында өтті. 22 мемлекеттік органның қатысуымен 30-дан астам онлайн кеңестер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын қолдау, тұрғын үй және т.с.с тақырыптар аясында тікелей эфир арқылы түсіндірілді.

Елімізде енгізілген төтенше режим уақытында Басқарма мен облыстық/қалалық және аудандық «Жастар ресурстық орталықтары» жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 1 сәуір мен

1 маусым аралығында 189 онлайн шара өткізді.

Оның ішінде, А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты өлең оқу байқауы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты шығарма байқауы, Жеңіс күнінен орай «Ерлік ел есінде» атты республикалық конференция сияқты шаралар ұйымдастырылды.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты онлайн шығармалар байқауы. Ұлы ғалым, философ, музыкант, өнертанушы Әл-Фараби шығармашылығына арналған шығармалар байқауын Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқрамасы ұйымдастырды. Бүгінгі күнмен үндесіп жатқан Ұлы Дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырып жатқан байқауға 50-ге жуық үміткердің жұмысы келіп түсті. Шығармаларды аранайы құрылған комиссиялық топ қарап, нәтижесін шығарды. Әділқазылардың шешімі бойынша, көркемдік талдуы мен орфографиялық сауаттылығы ұштасқан Ақжігіт Жетпісбайұлы жеңімпаз атады. Байқау жеңімпазына диплом және сыйлыққа велос

«Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты Абай оқуларының онлайн байқауына облысымыздың аудандары мен елді-мекендерінен 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Белгіленген уақыт аралығында 50-ге жуық үміткерден видео келіп түсті. Осынша қатысушының арасында ең үздік бір ғана жеңімпаз анықталды. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындау бойынша сайысқа түсті.

Бекітілген комиссия мүшелерінің ұйғарымы бойынша «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты Абай оқуларының жеңімпазы Виктория Вячеславовна үздік деп танылып, арнайы диплом мен сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында облыс/қала/аудан көлемінде өткізілетін 43 шара белгіленді.

Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 6 мыңнан аса волонтері бар 13 ұйым айналыcады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған. Төтенше жағдайға байланысты облыс аумағында барлығы 717 волонтер нақты жұмыс жүргізді.

Төтенше жағдай кезінде волонтерлардың еңбегі ерен екені айқын көрініс берді. Облыста волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту мақсатында «Әулиеата жастары» волонтерлық штабы құрылды.

Бүгінде волонтерлардың көмегімен 7 452 адамға азық-түлік себеттері үлестірілсе, 1 123 адамға дәрі-дәрмек жеткізіліп берілді.

743 жалғыз ілікті қариялардың тұрғын үйлеріне барып шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті.

     «Қазпошта» АҚ облыстық филиалымен бірлесіп 65 жастан асқан азаматтарға зейнетақысын үйге жеткізіп беру қызметін ұйымдастырып, барлығы 1037 адамға зейнетақы мен жәрдемақы үйлеріне жеткізіліп берілді.

     Ал, тұрғындарға 88 155 тегін маска таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.