Таразда сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

327

Шахмат − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі. Бұл ойын адамның ойлау қабілетін, тактикасын және зияткерлік қабілетін дамытатынын бірі білсе, бірі білмес. Шахмат адамның ойлау қабілетіне қолайлы спорттық ойынның әлемге кең тараған түрі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Ақыл-ой аламанына қатысқан сотталғандар ойын тақтасы басында ойлау қабілеттері мен стратегиялық біліктерін сынға салды. Қызу да тартысты өткен жарыс барысында олар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінен кем түспейтіндерін анық аңғартты. Десе де, «ойын тақтасындағы соғыс» барысында шын мықтылар іріктеліп шықты.

Жарыс қорытындысы бойынша сотталған А. Севергин қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанд. Сондай-ақ, өзге қатысушылардан ой ұшқырлығы басымдығын көрсеткен А. Байысов пен О. Ким ІІ және ІІІ орындарға ие болды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ЖД-158/2 мекемесі басшылығының атынан алғысқа ұсынылды.

 

Мейірғали Ракишев,

ЖД-158/2 мекемесі

САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.