Қордай ауданына қайырымдылық көмектер көрсетілуде

360

Қазіргі уақытта дәрігерлер мен ауруханаларға көптеп көмек көрсетілуде. Оған дәлел аудан кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен көрсетіліп жатқан көптеген қайырымды іс-шаралар мен төменгі бағада келіп жатқан дәрі-дәрмектер. Осындай тағы бір қайырымды көмек ауданға келіп жетті. Алматы қаласындағы «Шұғыла» қоғамдық қоры төрт бірдей оттегі концентратын бүгін аудандық орталық ауруханаға әкеліп берді. Бұл оттегі концентраты мамандардың айтуынша қазіргі уақытта науқастарға ең қажетті дүние.
— Расында орталық ауруханаға көптеп көмектер келіп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай «Шұғыла» қоғамдық қорыда өз қайырымдылығын көрсетуде. Осындағы емделушілер мен аурухана ұжымы атынан аталмыш қорға алғысымызды жеткізгіміз келеді-дейді аудандық аурухана өкілі Нағима Тастанова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.