Тараз қаласындағы мобильді топ 129 нысанға дайындық актісін берді

168

Еліміздегі карантин режимі басталғалы бері кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жіті бақылауға алынғаны белгілі. Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу масқатында мониторингтік топ өкілдері кәсіпкерлік субьектілерін бақылауды жалғастыруда. Осындай кезекті рейд Тараз қаласында жүргізілуде.

Тараз қаласы әкімдігінің мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері және де санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарынан тұратын 11 мониторингілеу тобы құрылған. Мониторингілеу топтарымен объектілерді аралау кестелеріне сай 30 мамырдан 8 маусым аралығында Тараз қаласында орналасқан 161 нысан араланды, оның ішінде 129 нысанға дайындық актісі берілді (18 саябақ, сквер; 15 сауда орталығы; 6 ХҚКО; 13 мәдени орталық, 13 базар, 26 білім беру объектісі, 10 коммуналдық объекті, 3 қоғамдық тамақтану объектісі, 1 өндірістік объекті, 20 спорттық объекті (жаттығу залдары), 4 өзге де объектілер).

Ал қалған кестеге сай араланған 32 нысан дайын емес болып шықты, атап айтқанда тепловизерлер, санитайзер, бетперделермен қамтамасыз етілмеген (1 сауда объектісі, 1 мәдени, 4 базар, 9 спорттық объекті, 8 білім беру объектісі, 5 коммуналдық объекті, 2 қоғамдық тамақтану орны, 2 өзге де объектілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.