Абай мен әл-Фараби шығармашылығына арналған онлайн байқау нәтижесі шықты

638

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой аясында «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты онлайн байқауы өтті.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты онлайн шығармалар байқауы. Ұлы ғалым, философ, музыкант, өнертанушы Әл-Фараби шығармашылығына арналған шығармалар байқауын Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқрамасы ұйымдастырды. Бүгінгі күнмен үндесіп жатқан Ұлы Дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырып жатқан байқауға 50-ге жуық үміткердің жұмысы келіп түсті. Шығармаларды аранайы құрылған комиссиялық топ қарап, нәтижесін шығарды. Әділқазылардың шешімі бойынша, көркемдік талдуы мен орфографиялық сауаттылығы ұштасқан Ақжігіт Жетпісбайұлы жеңімпаз атады.

«Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты Абай оқуларының онлайн байқауына облысымыздың аудандары мен елді-мекендерінен 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Белгіленген уақыт аралығында 50-ге жуық үміткерден видео келіп түсті. Осынша қатысушының арасында ең үздік бір ғана жеңімпаз анықталды. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындау бойынша сайысқа түсті.

Бекітілген комиссия мүшелерінің ұйғарымы бойынша «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты Абай оқуларының жеңімпазы Виктория Вячеславовна үздік деп танылып, арнайы диплом мен сыйлық табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.