Тегін маска таратты

435
Жамбыл облысының волонтерлары қоғамдық жұмыста жүрген азаматтарға қолдан маска тігіп, тегін таратты. Қаланың тазалығына жауапты аула сыпырушылары көп реттік медициналық маскалармен қамтылды. Белсенді жастар коронавируспен күресуге өз үлестерін қосып келеді. 100 дана бетпердені тігуге 6 метр шыт мата мен 5 метр резіңке кеткен. Волонтерлар жылы аясында, қаламыздың жастарын акцияға атсалысуға шақырамыз дейді белсенділер.
Бұған дейін, коронавируспен күрес аясында волонтерлар адам көп шоғырланатын орындарда түсіндірме флаер мен Қайкермет базары сатушыларына тегін маска таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.