Жоба аясында 2 азамат бостандыққы шықты

577

2016 жылдың 14 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 — 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Аталған стратегияда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуметтік оңалтудың нақты жолдары кезең-кезеңмен көрсетілген. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталғандардың қайта қылмысқа бармауына ерекше мән берілген. Бостандыққа шыққандар тарапынан жиі тіркелетін қылмыстарды төмендетуге қатысты нақты ұсыныстар терілген. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін және пробация қызметінің есебінді тұрған кезде сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу, жұмыссыз болса еңбекпен қамту, білім беру, құжаттарын толықтыру, қажет деп тапса дәрігерлік, құқықтық көмек көрсету – міне, жобаның басты көздегені осы іс-шараларды кешенді әрі тиянақты іске асыру болып табылады. Басты мақсат – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққандардың ешкімге керексіз болып елеусіз қалмауын қатаң бақылауда ұстау.

Жуырда аталған стратегияда белгіленген міндеттерді орындау мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға №1 пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары, әділет майоры Е. Валиев және Тараз қалалық жұмыспен қамту бөлімінің директоры Б. Төлегенов арнайы келіп қатысты.

Жоба нәтижесінде сотталған Б. Жумадильдаев жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жұмсағырақ жазаға ауыстырылып, босатылды. Сонымен қатар, сотталған М. Хазиев те жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жұмсағырақ жазаға ауыстырылып, босатылды. Қоғамға қайта қосылған азаматтарды туған-туыстары мен ата-аналары күтіп алып, қуаныштарын жасырмады.

Азат Базарбай,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті 

ЖД-158/2 мекемесі САТӘПЖ бөлімінің

босатылғандарды еңбекпен, тұрмыспен қаматамасыз ету инспекторы,

әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.