Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды аулаған браконьерлерді ұстады

1 615

Ағымдағы жылдың 6 қазаны күні түнде Байзақ ауданының төрт тұрғыны «Нартай» құмды алқабында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі – қарақұйрықтарды заңсыз атқан.
Браконьерлердің «Тойота» маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері жануарлардың тушаларын тапты. Екі қарақұйрық – тіркелген қос ұңғылы аңшы мылтығынан өлтірілген, алайда аңшылардың аң аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған.
Аталған дерекке қатысты Байзақ аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлімі бойынша (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдана отырып заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Күдіктілер ұсталып, аңшы мылтығы тәркіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.