Алтын қолды дәрігерлерге алғыс

920

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандар талай адамның өміріне араша түседі.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің дәрігерлері де дертіне шипа іздеген сотталған азаматтарға қол ұшын созып, дер кезінде көмек көрсетіп келеді. Сырқаттанғандардың қан қысымын өлшеп, қажетті кеңестерін айтып, шын жанашырлықпен қарайтын мекеменің дәрігерлеріне темір торға тоғытылғандардың алғысы шексіз.
Мәлік Қожабеков аталған түзеу мекемесіне ағымдағы жылдың қаңтар айында ауыстырылған. Алматы облысындағы түзеу мекемесінің бірінен ауыстырылған ол мұнда сынық қолмен келген. Бүгінгі таңда мекеме дәрігерлерінің көмегімен сынық қолына ем-дом жасалып, денсаулығы қалыпқа келген.
-Аталған түзеу мекемесіне ауыстырылғалы бері мені дәрігерлер өз қамқорлығына алды. Медицина бөлімінің бастығы әділет капитаны Гүлшат Медетбекова және өзге де дәрігерлер құрамы денсаулығыма аса мән береді. Жалпы, менің ғана емес өзге де азаматтар бұл кісілердің көмегіне жүгінсе, барынша көмектесуге дайын екендіктерін білеміз. Жуырда, маған Тараз қалалық ауруханасында ота жасалды. Ота сәтті жаслған соң, түзеу мекемесіне қайта оралдым. Қазіргі таңда денсаулығым жөнінде айтар арыз-шағымым жоқ. Мекемедегі барлық дәрігерлерге өз ризашылығымды білдіргім келеді, — дейді ол.
Иә, адал еңбегінің арқасында көпшіліктің алғысына бөлену кез-келгенге бұйыра бермесі анық. Демек, маман¬дығын мақта¬ныш еткен жан үшін бұдан артық бақыт жоқ шығар, сірә…

Leave A Reply

Your email address will not be published.