26 азамат кешкі мектепке қабылданды

242

ҚР Заңы бойынша ел азаматтары орта білімді міндетті түрде алу тиіс. Сондықтан біліммен қамту бас бостандығынан айыру орындарында да жүзеге асырылуда.

Мәселен, бүгін, Білім күні, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 26 азамат кешкі мектепке қабылданды. Осыған орай бүгін осы азаматтарға алғашқы білім сабағы өтті. Мектеп мұғалімдері бас бостандығынан айырылғанына қарамастан білім алуға деген құштарлықтарынан айрылмаған жандарды құттықтап, оқуда озат болуларын тіледі.

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұловтың айтуы бойынша, білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес, облыс әкімдігі білім басқармасы бекіткен ұстаздар сабақ береді. Ал сотталғандар кешкі мектепте негізгі пәндер бойынша дәрістер алып, 11 сыныпты аяқтағаны туралы аттестат алып шығады.

Білім күні оқушы атанған сотталғандардың айтуынша, бірінің бостандықта жүргенде жоғары сынып оқуына өмірлік жағдайы кедергі болса, енді бірі жастайынан қамауға алынғандықтан, мектептен қол үзуіне тура келіпті.

Жалпы, Заң бойынша сотталғандар орта білім алуға міндеттеліп, жасы 30-дан асқандармен білім алып, сауат ашудың қажеттілігі туралы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен, 30-дан асқан сотталғандар арасында да осындай аттестаты жоқтары кездессе, олар өз еріктерімен білім алуға өтініш білдіре алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.