2022 жылға жағдайы жақсы жолдар үлесін 90 пайызға жеткізуіміз қажет – А. Мырзахметов

463

Таразда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған облыс активімен жиын өтуде.

Басқосуда Жолдаудан туындайтын міндеттер жайында баяндама жасаған облыс әкімі Асқар Мырзахметов оларды орындау мақсатында облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

– 2018 жылы жалпы жол саласына 12,3 миллиард теңге бөлінді. Елбасы жолдауында айтылғандай, ішкі өңірлік жолдарды одан әрі жақсарту үшін 50-де 50 схемасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен көктемгі нақтылауда қосымша 2,3 млрд.теңге қаржы бөлінді, – деді Асқар Исабекұлы баяндамасында.

Жалпы, бөлінген қаражаттар есебінен жалпы 24 шақырым шағалды жол салу, 18 шақырым күрделі жөндеу және 446 шақырым автожолдар мен көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 1 көпірдің құрылысы және 2 жол өткелі қайта жаңғыртылуда.

Өз сөзінде аймақ басшысы, сондай-ақ, 2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 50/50 схемасы бойынша қаржыландыру үшін 11 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім берілгенін, осылайша, 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90 пайызға жеткізуіміз қажеттігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.