Маңызы жоғары әлеуметтік жоба

386

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасын Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты ЖД-158/5 мемекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған Т.М. есімді азаматқа қолданылды. Әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында әуелі жиын өткізіліп, оған ЖД-158/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры А.С.Танашева және әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімнің бастығы әділет капитаны М.А.Маханов, жасақ бастығы әділет аға лейтенанты В.М.Каракозова, босатылатын сотталғандарды еңбек пен тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.А.Сулейманова, Жамбыл аудандық Пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Қ.Қалдыбаев, ҰААТ заңгері Р.Халидов қатысты.
Бас қосу барысында ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі бағыттары жайлы айтып өтті. Ол өз сөзінде қысқ амерзімді кәсіптік оқыту, оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасының мүмкіндіктер ітуралы, жұмыс күші тапшы өңірлерден жұмыскүші артық өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуі, жұмысқа орналастыруға қолғабыс жайлы және «Еnbek.kz» интернет-порталы базасында халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетілетіндігі жөнінде толыққанды ақпарат берді.
Бұдан кейін, Жамбыл аудандық пробация қызметінің инспекторы Қ.Қалдыбаев бостандыққа шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету көлемі бойынша және постпенитенциарлық пробациялық бақылау жайына тоқталды. Сондай-ақ мамандар сотталған тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Жиын соңында мекеме қызметкерлері сотталғандарды мекеме қақпасынан бостандыққа шығарып салды.

Ж. СУЛЕЙМАНОВА,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
ЖД-158/5 мекемесінің
САӘПТЖЖБ БСЕжТО
аға инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.