1 қаңтардан шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жарияланады

579

2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізіледі.  Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Бизнес жұмысын таза парақтан бастауы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізуге кірісуді тапсырамын. Дегенмен, барлығы да тегіс болып отырған жоқ. Біріншіден, салықты әділ төлейтін бизнес бар. Ол ертең «ананікін сыздың, менікін неге сызбадың?» дейді.  Яғни, ол мемлекетке негізгі салығын төлеген болса, онда өсімпұлдар мен айыппұлдар жайында  сөз болып отыр»,-  деді Елбасы.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.